Естісең міне, болжамдар – Бұқар жырау

Бұл бетте «Естісең міне, болжамдар» атты Бұқар жырау жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Естісең міне, болжамдар
Заманақыр болғанда,
Қара темір ат болады,
Оқығаның хат болады,
Туысқаның жат болады,
«Ғаділет» деген заң шығып,
Табаның тайса сот болады.
Қонысың Сарыарқаны орыс алар,
Шұбырып қара топырақ өріс алар.
Ақшаның ірісі кетіп, ұсағы қалар.
Терінің былғарысы кетіп, Сірісі қалар.
Адамнан еммат, ыхлас, ұят кетіп,
Ақыры «бер, бер» деген сөзі қалар.
Мұнан соң Абылайым,
Қилы қилы заман болар,
Заман азып, заң тозып, жаман болар.
Қарағайдың басына шортан шығып,
Бабалардың заманы тәмәм болар.
Ол күнде қарындастан қайырым кетер,
Қатыныңнан күшің,
Балаңнан мейірім кетер.
Ұлы-қызың орысқа бодан болып,
Қайран елім, есіл жұртым
Сонда не етер?!
Абылаймысың алқатқан,
Отының болсын жантақтан,
Қатының болсын қалмақтан,
Қосының болсын қазақтан!
Сегіз қиыр шартарап,
Төрт құбылаң түгел боп,
Төрінде отыр, салмақтан.
Он екі айда жаз келер,
Көктемеде қаз келер,
Айтып-айтпай не керек,
Дәуреніңіз аз болар.
Сондай заман келгенде,
Шаңырағың күл болар,
Еліңе қауіп төнгенде,
Ата ұрпағың құл болар.
Қараларың қас болар,
Қаскөйлерің бас болар,
Орыстар келер ғалым боп,
Әулиедей көрінер.
Боптары болар сазандай,
Кітабы болар қазандай.
Ақіретке барғанда,
Ақсүйекті қор тұтқан,
Қараны одан зор тұтқан,
Орыстарды пір тұтқан,
Сорлы болған қазағым,
Татарсың солардан жазаңды-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Естісең міне, болжамдар өлеңінің авторы кім?

Бұқар жырау — осы өлеңнің авторы.

Естісең міне, болжамдар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Естісең міне, болжамдар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бұқар жырау өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Естісең міне, болжамдар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері