Құмдағы қызғалдақ

Бұл бетте «Құмдағы қызғалдақ» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1590
(Фаризаға)

Жаралмаған қайғы мен мұң ішуге,
Қызғалдақсың,
Ашылған құм ішінде.
Тербетіліп қысы-жазы тұрасың сен,
Тағдырдан қалап алған жыр үшін де!
Қызғалдақсың, сен де бір құмда көшкен,
Сусып жатқан құм сырын тыңдап өскен.
Құм-толқында тербелген қызғалдағын
Шығармайды ешқашан жандар естен.
Мен өсіп ем,
Тәңірдің шыңдарында.
Ақ бұлттай шөгіп қалған мұң жанымда...
Жүрсе дағы ел-жұртың еркелетіп,
Көлеңке жатыр нәзік жырларыңда.
Түсінем, жаның неден үркек бүгін,
Жыл озды,
Жастығыңның бүркеп түнін...
Жыл озғанмен, жаныңның бүркеп түнін,
Тұрған жоқ па жарасып,
Жыр шоқтығың!?.
Тарқатылып дауылға бұрымдарың,
Өмірдің соқпағымен ұрынбалы —
Кетіп бара жатасың теңді теңдеп,
Нар секілді,
Нарынның құмындағы.

Алматы.
18 желтоқсан 1994 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құмдағы қызғалдақ өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Құмдағы қызғалдақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құмдағы қызғалдақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құмдағы қызғалдақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері