Шортаным – Тортай Сәдуақас

Бұл бетте «Шортаным» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 547
Сөз жетпестей өлкесі бар, Шортаным,
Оқжетпестей өркеші бар, Шортаным.
Көкше таулы, көк мұнарлы, Шортаным,
Ғашық болған көп құмарлы, Шортаным.
Құралай тән, құлын мүсін, Шортаным,
Мәңгі жайнар гүлімбісің, Шортаным.
Аққуларын сұңқылдатқан, Шортаным,
Өрендері өр іс қылған, Шортаным.
Жұлдыздардан жақұт таққан, Шортаным,
Адамдары бақыт тапқан, Шортаным.
Айнакөлі айнадайын, Шортаным,
Асып туған айналайын, Шортаным,
Аяулым боп жайна дәйім, Шортаным!
Сыршыл күйін сылқылдатқан, Шортаным.
Самалынан әтір ескен, Шортаным,
Ақын өскен, батыр өскен, Шортаным.
Ақ қайыңдар – алқасы нән, Шортаным,
Қырларынан дән тасыған, Шортаным.
Төрт түлігі өріс тұнған, Шортаным,


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шортаным өлеңінің авторы кім?

Тортай Сәдуақас — осы өлеңнің авторы.

Шортаным өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шортаным өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тортай Сәдуақас өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шортаным өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері