Сыршыл болып барамыз – Тортай Сәдуақас

Бұл бетте «Сыршыл болып барамыз» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.04.2021
  • 0
  • 0
  • 788
Күннен күнге жақын тартып арамыз,
Түннен түнге сыршыл болып барамыз;
Мені сонша табындырып тастаған,
Шыныменен сенбісің, ей, қара қыз!
Өзіңді ойлап өткеремін таңды ұзақ,
Біздің көш те бара жатыр алды ұзап;
Бағымбысың, сорымбысың, әйтеуір,
Маңдайыма біткен менің, жалғыз-ақ!
Сен болсаң сен, сеніп ғайбат-өсекке,
Әлі маған артып жүрсің бос өкпе;
Ортамызға от салады ондайлар,
Сенбе оларға, сұрқия деп есепте.
Шын ғашықты қосылмас деп сен іштен,
Және ойлама, ол өтірік, келіспен;
Сені сүйген шын махаббат – ол ма ол,
Мына менің жүрегімде, періштем!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыршыл болып барамыз өлеңінің авторы кім?

Тортай Сәдуақас — осы өлеңнің авторы.

Сыршыл болып барамыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сыршыл болып барамыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тортай Сәдуақас өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сыршыл болып барамыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері