Өзіңде өткен көп думан – Тортай Сәдуақас

Бұл бетте «Өзіңде өткен көп думан» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 684
Аймалап құшқан ұлыңды, Арайлап атқан таңдарың;
Аңқылдап балғын жырымды, Туған жер, саған арнадым.
Өзіңде өткен көп думан, Базарлы балалығым бар.
Есімде достар доп қуған, Есімде – қара бұрымдар.
Құйғытқам талай таласа, Құрықпен ұстап құр аттар.
Қалушы ед мәз боп балаша, Құрысын жазып қыраттар.
Жандарың жайсаң жүректі, Жаралған бейне құрыштан.
Түрініп палуан білекті, Тұрғызған тауды ырыстан.
Мамыржай мырза орманың, Қойыны толы құлпынай.
Жұпарын шашқан жондарың, Бұлағың бал ма, шіркін-ай!
Жәудіреп жатқан жанарың, Мөп-мөлдір Шортан, Шабақ көл.
Иіс су – ескен самалың, Айналдым сенен абат төр.
Ырғалып жатқан белесте, Маржанды масақ, ақ сұлың.
Жаннат жер өзің емес пе, Тасқаным емес, тап шыным.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзіңде өткен көп думан өлеңінің авторы кім?

Тортай Сәдуақас — осы өлеңнің авторы.

Өзіңде өткен көп думан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзіңде өткен көп думан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тортай Сәдуақас өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзіңде өткен көп думан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері