Шабыт – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Шабыт» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3567
Бір үн келіп бозінгендей боздаған,
Семіп қалған сезімімді қозғаған.
Туар жырдың хабаршысы екен ғой,
Өзегімді жарып шығар өз балам.
Тұла бойым тоқ соққандай дip eттi,
Қайда қоям алып-ұшқан жүректі?
Көптен бері алакөңіл жүр едім,
Жарылқаушым оңғарды сол тілекті.
Мекеніне асығатын құстардай,
Қанат байлап, өлең шіркін ұшқандай.
Бір тасқынның ағынына ілестім,
Енді мені тоқтатады күш қандай!
Шабыт келіп қалған кезде арынды,
Ұмытасың жаныңдағы жарыңды.
Қайтадан сен қалыбыңа түсесің,
Беріп болып бойыңдағы барыңды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шабыт өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Шабыт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шабыт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шабыт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері