Кеудеңді құйын кеулеп, жел кергенде – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Кеудеңді құйын кеулеп, жел кергенде» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 706
Кеудеңді құйын кеулеп, жел кергенде,
Түседі-ау ғазиз басың сергелдеңге.
Емінген елігіне ессіз жүрек
еншісін егеленбей ем көрген бе?
Арудың бетін бері қарата алмай,
Жат көріп, өзге жанды жарата алмай,
Күй кешер бағзы бірде байғұс жүрек
ұядан ұшып түскен балапандай.
Үстіне Ана құстай аяп қонар
Кім оған жанын жайып бəйек болар?
...Махбуза махаббат-ай, алып-ұшқан,
Өмірің кейде осылай аяқталар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кеудеңді құйын кеулеп, жел кергенде өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Кеудеңді құйын кеулеп, жел кергенде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кеудеңді құйын кеулеп, жел кергенде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кеудеңді құйын кеулеп, жел кергенде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері