Өткінші жалған – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Өткінші жалған» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 572
Көңілім қамсау –
Əлдекімді аңсау.
Жаңбырым жауса-ау,
Жұлдызым жанса-ау..
Қимаймын күнді,
Қинаймын кімді?
Жаныма неге
Жинаймын мұңды?
Көңілім қамсау,
Өмірім – шаршау.
Əзірге тəн сау,
Əзірге жан сау...
Жылағым келер...
Мына күн не дер?
Құрағым семер,
Шырағым сөнер.
Көңілім қамсау,
Сезімім самсау.
Жарты өмір өтті,
Қалғаны қаншау?
Жарығым өшер,
Жалыным көшер.
Тағдырым кешпес,
Тəңірім кешер...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өткінші жалған өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Өткінші жалған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өткінші жалған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өткінші жалған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері