Тағдыр – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Тағдыр» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 838
Тағдыр,
Мені жасытпа, ашындырма,
Кез келгенді кеудемсоқ басындырма.
Бөлек етпе елімнің еншісінен,
Бөле деп те айтпаймын жасыл нұрға.
Тас төбемнен өнісі түскен құлап
Керек емес жемісі піскен Жұмақ.
Көп пенденің бірімін,
Айқай-шусыз
Іштен тынып жүретін, іштен жылап...
Көп пенденің бірімін жерде жүрген,
Өксіп-өксіп өтермін мен де өмірден...
Пенде деген не, тəйірі,
Мың-мың жылдық
Мұз құрсанған құзды да жел жемірген!
Іштен балқып,
Жүргенде іштен еріп,
Жұмақ шіркін жатпайды түске де еніп.
Ұлылықтың ұғымы ұланғайыр,
Кісілікке жарасар – Кішкенелік.
Кішкенемін,
Кішілік мін демелік,
Ұлы болар ұл туса, күндемелік.
...Тал ағашы жанында жайқалса да
Бал арасы қонады гүлге келіп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тағдыр өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Тағдыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тағдыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тағдыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері