Бұл қазақта

Бұл бетте «Бұл қазақта» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 641
Бұл қазақта екі сөздің бірі өлең,
Қайсыбірін таңдайды ел?
Аяққаптай кеудемізді шіреген
Апыр-ау, бұл қандай жел?
Бұл қазақта екі ақынның бірі ұлы,
Екі қайтып келмейтін.
Көкіректе көктемесе ұрығы,
Топырақта өнбейтін.
Бұл қазақта екі көздің бірі сау,
Ал біреуі...сəл зағип.
Үңгірдегі жүрегіңе, дұрыс-ау
Үңілгенің шам жағып.
Бұл қазақта екі достың бірі қас,
Жеме-жемге келгенде.
...Қасқыр қалай Айға қарап ұлымас,
Кеудесін шер кергенде?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл қазақта өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Бұл қазақта өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұл қазақта өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұл қазақта өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері