Жалғыз қайың

Бұл бетте «Жалғыз қайың» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 715
Жел өтінде сыңсыған жалғыз қайың,
Жалғыздығың жаныма салғызды уайым.
Еркелесең болмай ма есімді алып
Ентелеген қойныма балдыздайын?
Тарылды ма тағдырдың тас қамалы,
Жанарыңнан неге, еркем, жас тамады?
Көңілің жүдеп тұрсың-ау, көргенсіз жел
Көйлегіңді сыпырып тастағалы.
Сен сияқты менің де халім мүшкіл,
Өртке салып өзімді, жалын құштым.
Кісімсінген немелер кішірмейді,
Түсінбейді, қайтейін, жанымды ешкім.
Аман болсақ, шығармыз қыстан əлі,
Құлағыма келеді құстар əні...
Бұл өмірдің ауаны айнымалы,
Бұл өмірдің ауруы ұстамалы.
Көктем келсе көзді арбап мүсін-денең,
Көрісерсің сен де, еркем, құсыңменен.
Көз жасыңды мен сенің қайтсем екен
Көзедегі шараптай ішілмеген?..
Жел өтінде сыңсыған жалғыз қайың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғыз қайың өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жалғыз қайың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғыз қайың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғыз қайың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері