Ұйқы – Жәркен Бөдешұлы

Бұл бетте «Ұйқы» атты Жәркен Бөдешұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.01.2022
  • 0
  • 0
  • 2062
Қуат берген бiр Алла,
Ұйықтап жатыр қарт бабам.
Қалғып отыр қыран да,
Қос қанатын қаттаған.

Ұйқыда тау,
Жас бала.
(Ой сергидi ондайда)
Тәнiң ұйықтап жатса да,
Санаң ояу болғай-да...

Қайғы берiп,
Ой алдым.
Ай бозаңқы,
Күн кiрбең.
Ұйқы менен ояудың,
Арасында жүрмiн мен.

Ұйықтаған жоқ жас ана,
Тал бесiктi тербеткен.
Ұйықтаған жоқ босаға,
Хабар күтiп жер-көктен.

Қойса да орап күпiге,
Байғыз көзiн iлмейдi.
Ұйықтаған жоқ үкi де,
Ұйықтауды ол бiлмейдi.

Ұйықтаған жоқ ақының,
Ұйықтаған жоқ қалам да.
Ұйықтаған жоқ ақылым,
Алаң болып заманға.

Не ойлайды осы жұрт,
Бiр-бiрiнiң жеп миын.
Ұйықтау оңай көсiлiп,
Ал ояну бек қиын.

Жарылқай гөр, ой, Алла-ай,
Шыңырауға батам көп.
Жатыр әлi оянбай,
Абылай хан мен Махамбет.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұйқы өлеңінің авторы кім?

Жәркен Бөдешұлы — осы өлеңнің авторы.

Ұйқы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұйқы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жәркен Бөдешұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұйқы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері