Қайым ағаның қазасын естігенде – Жәркен Бөдешұлы

Бұл бетте «Қайым ағаның қазасын естігенде» атты Жәркен Бөдешұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1253
Мәңгілік сапарына бұрып бетті –
Дегенде Қайым ағаң жүріп кетті.
Қабынып жан-жүрегім қара бұлттай,
Жанардан сел-жаңбырын үріп төкті.

Қарадым жалтақ-жалтақ жан-жағыма,
Өкіндім қапы айрылып қалғаныма.
Неліктен сыймай кеттің маңдайыма,
Бұл жалған Ұлылыққа тар ма мына?!

Пір тұтқан ерлігіңді ел боп сенің,
Ұрпағы ең Батыр Баян, Еркөкшенің.

Ажалды айбатыңмен қаймықтырып,
Алашқа қайта айналып келмек пе едің?..
Жатсынбас алысты да, жақынды да,
Жан аға, парасатты, ақылды да.
Неліктен тым асығыс атқа қондың,
Қасына Ұлы Мұхаң шақырды ма?

Қасына дос, бауырың шақырғасын,
Бармасаң өзіңіздей батырға сын.
Айта бар бізден сәлем Ұлылыққа,
Бақилық енді соның қасындасың.

Жалығып жүрісінен жабылардың,
Сарғайып мен өзіңді сағынармын.
Аспаннан ақ жұлдыздай ағып түсіп,
Қасыңнан шақырғанда табылармын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайым ағаның қазасын естігенде өлеңінің авторы кім?

Жәркен Бөдешұлы — осы өлеңнің авторы.

Қайым ағаның қазасын естігенде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайым ағаның қазасын естігенде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жәркен Бөдешұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайым ағаның қазасын естігенде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері