Ақын назы – Жәркен Бөдешұлы

Бұл бетте «Ақын назы» атты Жәркен Бөдешұлы жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 03.01.2022
  • 0
  • 0
  • 2191
Ф. Оңғарсыноваға

Демеңіз: «Толмай жатып тасыдың сен»,
ақынсыз жолы да үлкен, жасы да үлкен.
Баласы ем жақсы ауылдың қыз сыйлаған,
атымның сізге арнайы басын іркем.
Айтарым басқа бірақ, кешір, ақын,
сіз бе екен кеш сезініп, кеш ұғатын.
Келмесе бір-біріне мұңын шаға,
ақынның ақындарға несі жақын.
Біреулер мені мүлде түсінбеген,
оларды көп көремін түсімде мен.
Баспаның маңайына бара қалсам,
қарайды ала көзбен ішіп-жеген.
Бірінен қарамайтын бөле бірін,
пір тұтқан жан едіңіз өлең ұлын.
Ақынға жақсы жазу айып па екен,
өзіңіз айтыңызшы төрелігін?
Күн жақсы,
көріскенше қайта айналып,
Жақсы жыр жанды әлдилер, айқай қалып.
Әпкетай, айтшы, қалай сөз саптауым,
ақынды ақын ғана байқайды анық.

Алматы.
Тамыз, 1986 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын назы өлеңінің авторы кім?

Жәркен Бөдешұлы — осы өлеңнің авторы.

Ақын назы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын назы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақын назы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері