Қу бас ат – Жәркен Бөдешұлы

Бұл бетте «Қу бас ат» атты Жәркен Бөдешұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1247
Тірі болсаң Қабанбай мінген қу бас ат,
Құйрығыңнан алар ем-ау ту жасап.
Әлдеқашан кетер едік тоз-тоз боп,
Анамыздан батыр болып тумасақ.
Ақын болып тумасақ.

О, қу бас ат,
Қу бас ат.
Қу бас ат.
Толарсағыңмен тусырылған құмды асап.
О дүниеден кісінеші, күмбірлеп,
Бұ дүниеде қалайын мен мың жасап.
О, қу бас ат,
Қу бас ат.

Таға
Көрікті,
Күшті,
Жап-жас қазақсың.
Көш бастадың қаншама.
Әттең,
Әттең,
Атыңды тағаламапсың,
Жүрер жолың тас болса да...

Р.S.
Жел үргілеп өрген бұлт,
Қайырыла алмас бел асса.
Не ойлайды көрген жұрт,
Атың ақсап келе жатса...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қу бас ат өлеңінің авторы кім?

Жәркен Бөдешұлы — осы өлеңнің авторы.

Қу бас ат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қу бас ат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жәркен Бөдешұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қу бас ат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері