Әуезов ескерткіші – Қорғанбек Аманжолов

Бұл бетте «Әуезов ескерткіші» атты Қорғанбек Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.01.2023
  • 0
  • 0
  • 781
Ардақты дос,
Алматыға бардың ба?
Астананың сырларына қандың ба?
Мұхаң отыр мұхит оймен тербеліп,
Өзі құрған театрдың алдында.
«Айналайын, қай баласың, пәлі!» деп,
Сәлеміңді алатындай түрегеп,
Әуезовтің алдына кеп тоқтайсың,
Өн бойыңды кернеп сезім керемет.
Толқуыңды кенет сезе қалғандай,
Жымияды нұрлы дидар, кең маңдай.
Шалқар дала кеңдігімен үйіне
Қонақтарын қарсылап бір алғандай.
«Пәлі, бүгін келгендерің дұрыс» деп,
«Ойын ғажап,
көргендерің дұрыс» деп,
Мұхаң басын изегендей болады,
Маңайына халық-толқын толады.
Махаббатпен «Біздің Мұхаң» деп қана,
Театрға өтті бала, өтті аға.
Нөпір толқын, аялаған асылын,
Толастама.
Тоқтамашы.
Тоқтама!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әуезов ескерткіші өлеңінің авторы кім?

Қорғанбек Аманжолов — осы өлеңнің авторы.

Әуезов ескерткіші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әуезов ескерткіші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қорғанбек Аманжолов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әуезов ескерткіші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері