Қанатты Қазақстан

Бұл бетте «Қанатты Қазақстан» атты Қорғанбек Аманжолов жазған отан туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 06.01.2023
  • 0
  • 0
  • 837
Қазақстаным – қанаттым,
Жайдарлы шуақ жанаттым.
Құрыштай құйма алтыны
Азаттық атты сабақтың!
Қазақстаным – асқағым,
Жүрегімдегі басты әнім.
Тұңғиық, тұнық тереңім,
Мөп-мөлдір ашық аспаным!
Қазақстаным – ән-жырым,
Абайым менен Жамбылым.
Байқоңыр баспалдақтары
Ғарышқа тартқан даңғылым.
Қазақстаным – расым,
Жеті орар жерді құлашың.
Кермиық, кербез Мұхтарым,
Көмейі бұлбұл Күләшім.
Қазақстаным – қыраным,
Мәңгілік айтар ұраным.
Болашағымды байқатып,
Жарқырап жанған шырағым.
Қазақстаным – елдігім,
Тәуелсіздігім, теңдігім.
Өлшеуге өрең жетсеші
Кемеңгер елдің кеңдігін.
Қазақстаным – айбарлым,
Атыңнан әсем айналдым.
Кере бір қарыс маңдайлым,
Бақыттың кені – қайнарлым.
Қазақстаным – қазақтың
Алдынан шыққан азат күн.
Дана кезі сенсің қазақтың,
Аға кезі сенсің қазақтың.
Қазақстаным – ардағым,
Жерұйық мекен арманым.
Достықтың құрып отауын,
Он сан жұрт қонған ордалым.
Қазақстаным – жарығым,
Қаныштай дана дарыным.
Әлиям және Мәншүгім,
Бауыржан менен Мәлігім.
Қазақстаным – думаным,
Анадан бірге туғаным.
«Сарыарқа» болып селдеген
Күйіңді күй боп тыңдадым.
Қазақстаным – көріктім,
Ерке еткен мені еріктім.
Шырқалса «Қазақ вальсі»,
Әніңе ән боп еліттім.
Қазақстаным – Ар туым,
Шадыман шаттық шалқуым.
Олжастың орман ойлары –
Ғаламға тартқан тартуым.
Қазақстаным – ақ таңым,
Мың ғасыр іздеп тапқаным.
Көкірегің толы асыл жыр,
Жадымда тоқып жаттадым.
Қазақстаным – еңбегім,
Өркендеп, өсіп, өнгенім.
Өрнектеп жазған ер халқым,
Кемеңгер кітап сен бе едің?
Келмеске кетіп азабың,
Артыңда қалды тозағың.
Тәуелсіз тұғыр-тағыңда
Жасай бер мәңгі, қазағым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қанатты Қазақстан өлеңінің авторы кім?

Қорғанбек Аманжолов — осы өлеңнің авторы.

Қанатты Қазақстан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қанатты Қазақстан өлеңі не туралы?

Бұл шығарма отан туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қанатты Қазақстан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері