Түлектер мектебіне оралады

Бұл бетте «Түлектер мектебіне оралады» атты Ғабиден Қожахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.05.2016
  • 0
  • 0
  • 12340
Ұя сап жүректерге,
Қарайлап өткеніне.
Оралар түлектер де
Қайтадан мектебіне.

Армандар қаланды нық,
Көрінді ізі көкте.
Кешегі балаң жігіт
Жауапты қызметте.

Жас емес олар қызба,
Істері сүйікті елге.
Кешегі балаң қыз да
Ту тіккен биіктерге.

Алаң еді ертеңіне,
Жүзге нұр жиылып тұр.
Міне, еткен еңбегіне
Әз-ұя сүйініп тұр.

Жаңалық біліседі,
Досқа үміт артады анық.
Дуылдап, күліседі,
Бір-бірін ортаға алып.

Ере алды көшке, міне,
Ұстазды ұмытпағын.
Түсірер естеріне
Шәкірттік қылықтарын.

Сүйсініп жұрт айта алар,
Білерсіз қоштағанын.
Қайтадан шырқайды олар
Баяғы достар әнін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түлектер мектебіне оралады өлеңінің авторы кім?

Ғабиден Қожахмет — осы өлеңнің авторы.

Түлектер мектебіне оралады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түлектер мектебіне оралады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғабиден Қожахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түлектер мектебіне оралады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері