Ұйқысыз түндегі өлең – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Ұйқысыз түндегі өлең» атты Ілияс Жансүгіров жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 30.06.2018
  • 0
  • 1
  • 4676
А. С. Пушкиннен аударма

Келмейді ұйқым, от та жоқ;
Қараңғы, ұйқым мазасыз.
Тек ұдайы бір дабыс
Беріп сағат тұр жуық-
Паркий кемпір күбірі,
Түннің ұйқысырауы.
Өмірдің тышқан қыбыры,
Тыншытпайсың неге әлі?
Күңгірт күбір сен несің?
Бастан кешкен Айттың ба зар,
Өзің нені тілейсің?
Шақырасың, болжайсың
Алдымдағы күнімді?
Түсінуге мұныңды
Үйренейін тіліңді.


Пікірлер (1)

Арай

Рахмет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұйқысыз түндегі өлең өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Ұйқысыз түндегі өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұйқысыз түндегі өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ұйқысыз түндегі өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері