Теңізде Моцартпен Ай қаңғыр – Сұраған Рахметұлы

Бұл бетте «Теңізде Моцартпен Ай қаңғыр» атты Сұраған Рахметұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1202
Теңізде Моцартпен Ай қаңғыр...
Толқында әуені, шуағы.
Үнсіздік...
Делбесін жайған гүл
қуанып!
Шексіздік шетінде мұң сүзгі, таусылмас ықылым.
Ауада түтіні (шағала жылады),
шылымның тұқылы.
Кеше ол хат жазған көзінің жасынан жыртып ап,
Жағалау күрсінген сендегі.
Тағы да Моцарттың алаңы шырқырап,
Ойларың сенделіп.
Бір шырақ алыста жанады, жақында мың сұрақ,
Пенделік.
Теңіздің бетінде жазулар бірі анық, бірі өшкін,
Басыңнан сыз өтіп.
Өткен шақ күндізгі, түнменен үндемей тіресті,
Үміттен келетін үмітін күзетіп.
Уақыт арбаға жегілген арғымақ аралға қамалған,
Ескірген тағадай Ай қаңғыр!
Кескіндер билейді, ығысқан дыбыстар әр алуан,
Ескі хат! Білмеймін...
Сен жазған...
Қайдан жүр!?
Тіреу жоқ кеңісте сағаттар сандалып ағады,
Қай заман, қай күні, қай айдың?
Біреулер шемішке шағады,
Ал, менде Абай мұң...
... Басы жоқ көздерді аяймын,
жағада...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Теңізде Моцартпен Ай қаңғыр өлеңінің авторы кім?

Сұраған Рахметұлы — осы өлеңнің авторы.

Теңізде Моцартпен Ай қаңғыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Теңізде Моцартпен Ай қаңғыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сұраған Рахметұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Теңізде Моцартпен Ай қаңғыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері