Ленин мавзолейінде – Жамбыл Жабаев

Бұл бетте «Ленин мавзолейінде» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.08.2018
  • 0
  • 1
  • 21101
Күнсіздерге күн болған,
Жер жүзіне нұр болған,
Ақылдың кені данышпан;
Езілгенге қол берген,
Кемтарларға жол берген,
Заманның ері арыстан,
Адасқан халық зарыққан,
Азаттық қылып бақытқа,
Сәулеңді келіп табысқан.
Дариядан артық ақылың
Төбең биік «ғарыштан»,
Қартайғанда бір көріп.
Зират етіп қайтуға
Жамбыл келді алыстан.
Жер жүзінің кіндігі, —
Мавзолейдің тасында,
Жер жүзінің шырағы —
Кремльде — қасыңда,
Жолыңды таймай ұстаған,
Бахытқа жұртты нұсқаған,
Артық туған шәкіртің —
Сталин отыр басыңда.
Тауап етіп өзіңе,
Сталиннен жөн сұрап,
Кетуге келген көп халық,
Көріседі осында.
Уа, данышпан сабазым!
Езілгенді теңедің,
Зарыққанды жебедің,
«Жер жүзіне шам-шырақ
Орнатамын!» — деп едің.
Миллиондаған халықтың
Сүйеніші едің, белі едің.
Бұрынғы кезде шеткері
Қалып, санға қосылмай
Жүрген қазақ елі едім.
Мені де сен теңедің,
Ұлы көшке ілесіп,
Алдымда басшы Сталин,
Соңынан еріп жөнедім.
Дәулетке батып белшеден,
Ырысқа қандым, кенелдім.
Заманнан бергі құрсаудың
Сен ағыттық тиегін,
Жер жүзінің кемтары
Сүйеген саған иегін.
Сенен алып нұр сәуле,
Қуатым толып, күш өсіп,
Бекіді менің сүйегім.
Бәрін бірдей құнарттық
Алпыс екі жүйенің,
Адамзаттың асылы
Аруағыңды ардақтап,
Көпті көріп көндіккен —
Ақшыл тартқан басымды
Алдыңа келіп иемін!


Пікірлер (1)

Али

«Ленин мавзолейінде» — кеңестік кезеңде дүниеге келген өлеңдердің бірі. Бұл туынды қазақ поэзиясында бір түрлі орын алады, өйткені ақын Жамбыл Жабаев сол заманның тарихи жағдайды көркем түрде бейнелейді, бірақ ол кезде кеңес үкіметі қазақты қорлаған

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ленин мавзолейінде өлеңінің авторы кім?

Жамбыл Жабаев — осы өлеңнің авторы.

Ленин мавзолейінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ленин мавзолейінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жамбыл Жабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ленин мавзолейінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері