Торғай – жыр

Бұл бетте «Торғай – жыр» атты Светқали Нұржан жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1820
Бейшара, шырылдайсың жерге қонбай...
Ақан сері.

Құдай-ай, менен тағы кетті тыным,
Тесілдім түнегіне тек құтының.
Жүрекке тырнақ салып қыли дауыс,
Өкпемді үңгиді кеп көк түтін үн.
Мыстан - түн сыңар азу күлді ырсиып,
Алдында жалқы шыбық тұр бүрсиіп.
Кеміріп тамырымды, қанды турап,
Батырды сілекейіне сылдыр-сұйық.
Ғаламнан таппадың деп бір мағына,
Мыстан түн ілді мені тырнағына.
Жабыстым жан ұшырып, тұншыққанда
Жұлынған жапырағымның жұрнағына.
Шыбықтың жиі сынып көк бұтағы,
Тұр енді пана тұтып көп бұтаны.
Қорғалап торғай - жырым келіп еді,
Қона алмай шырылдаумен кетті тағы.
Жеп жатыр жауыз дауыс айналаны,
Тығылар саф әуеннің қайда амалы?..
Зарлаған таң алдында қара торғай —
Кешкісін бозторғайға айналады.
Бейшара — ес көріп жүр сірә, мені,
Тылсымнан дәрменім жоқ шығар елі.
Торғайдың таңдайынан тамған тамшы
Нұр болып маңдайымды шылар еді...
Сөкпегей, бұл не сөз — деп, мені ағайын,
Ессіз дәт, есірік ой, жоғал уайым!
Тұрмыстың сюрреальді тұманынан
Байырғы құжырама оралайын.
Мейлі түн күле берсін мыстандайын,
Не қам бар? — Қағаз, қалам, үстел дайын.
...Бозторғай бұтаққа енді қонған кезде,
Шиқ етті сұр телефон тышқандайын!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Торғай – жыр өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Торғай – жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Торғай – жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Торғай – жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері