Қашағандар

Бұл бетте «Қашағандар» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2399
Қайран дала қиыры жоқ,
тыныстайды далиып,
Адырларға қозған шоқтай,
алқызыл кеш қаны ұйып.
Күн еңкейіп бара жатыр,
Ақырғы рет нұр шашып,
Жылқышыдан бір қашаған
күн астында жүр қашып.
Күн астында екеуінің
шаңы жатыр шұбалып,
Қашағанда кеңістік бар,
қуғыншыда— бұғалық.
Бірі қашпақ, бірі қумақ,
Барлығында бір арман,
Алтайыны мына жақта
Құйрықтап жүр құба арлан.
Далам еппен тыныстайды—
Бәріне арнап тілекті,
Бір бұтада бұғып жатқан
бозторғайым шыр етті.
... Көкірекке көріністен
кеткен бе әлде нұр тамып —
Жүр бір өлең жүрегімде
қашағандай бұлтарып!

1978 ж


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қашағандар өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Қашағандар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қашағандар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қашағандар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері