Көкейімде көп сұрақ – Оразбай Байбақұлы

Бұл бетте «Көкейімде көп сұрақ» атты Оразбай Байбақұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Талап қуам тамұғыңда пісем де,
Өмір осы...
Үйренгенмін кісенге.
Асқақтаған ағайындар сияқты,
Атағыңа шарап құйып ішем бе.

Арым таза, көңілімде сайын көк,
Өз елімде өсіп келем қайың боп.
Шекпен кисем шел баспай ма көзімді,
Күрсінгенді көрмей өтер жайым жоқ.

Етегінен ұстамадым ірінің,
Қырсық шалып қираған жоқ Қырымым.
Байлығыңнан баяндылау тірлігі,
Қарапайым қазекеңнің ұлымын.

Өз ойыма, өз сөзіме егемін,
Талғампазға тағылады неге мін.
Ағайынның ашылмаған күйігін,
Әділдікпен айтып өтсем деп едім.

Көкейімде көмбе сынды сан сұрақ,
Үмітім бе,
Өшпейтұғын шамшырақ.
Адалдықпен ақ қағаздың бетіне,
Өзегімнен өлең жатыр тамшылап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкейімде көп сұрақ өлеңінің авторы кім?

Оразбай Байбақұлы — осы өлеңнің авторы.

Көкейімде көп сұрақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкейімде көп сұрақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Оразбай Байбақұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкейімде көп сұрақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері