Созып келем – Оразбай Байбақұлы

Бұл бетте «Созып келем» атты Оразбай Байбақұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Келе бер қырсық, шіркін, келсең мейлі,
Сарнаған сарапшыға ел сенбейді.
Теңгенің теңсіздігі неге ғана,
Бағамен базардағы өлшенбейді.

Көміліп құшағына кейде түннің,
Бергенін еске аламын бейнетімнің.
Қаншасы ертеңіме қалды екен деп,
Тиынын түгендеймін зейнетімнің.

Алдымнан күткен арай ашылмады,
Көршіме көрсетпедім жасымды әлі.
Ақысы алқымыңа жармасатын,
Пәтер де пәле болды басымдағы.

Биліктің түсі жылы, іші қалың,
Түсінгем түңілтетін мысы барын.
Қарыстай қаражатым...
Етік түгіл
Шалбарға шама келмей қысыламын.

Заман бұл өзі беріп, өзі үптеген,
Селкілдеп өтем бе деп сезіктенем.
Оп-оңай өлмейін деп...
Өмірімді
Қара нан, қара сумен созып келем.

Қойғандай алдын ала қамдап құрық,
Қажытты сары уайым сандап кіріп.
...Төренің түңдігіне көз саламын,
Өлеңмен өзегімді жалғап тұрып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Созып келем өлеңінің авторы кім?

Оразбай Байбақұлы — осы өлеңнің авторы.

Созып келем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Созып келем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Оразбай Байбақұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Созып келем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері