Неге ғана – Оразбай Байбақұлы

Бұл бетте «Неге ғана» атты Оразбай Байбақұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сарбазың көп болғанмен сапта көрген,
Жайғасқан жерде жетім, тақта мерген.
Бәрібір абызыңа айналмайды,
Көпіртіп мәңгүртіңді мақтағанмен.

Кезім жоқ келер күннен мән күтпеген,
Қалың ой – қара орманым,
Қаңғып келем.
Өзегі ұшқындының...
Ешқашанда
Бағасы берілмеген дәлдікпенен.

Өрісін отырсақ та анық көріп,
Қажетін қалтасына салып беріп,
Далаға дарындыны қоя тұрып,
Дәніккен дарақыны дәріптедік.

Жанығып бауырынан жарағанда,
Құмарлық қу атаққа тараған ба,
Түсіндік түйсігінің түбін көріп,
Осқырып өзімізге қарағанда.

Жаратқан ақылдыны аласа ғып,
Келеді кернеулісі таса қалып.
...Тартамыз теперішін неге ғана,
Қодарды қолымызбен жасап алып?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Неге ғана өлеңінің авторы кім?

Оразбай Байбақұлы — осы өлеңнің авторы.

Неге ғана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Неге ғана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Оразбай Байбақұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Неге ғана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері