Шөлейт-шөлде, қараша үйде туыппын – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Шөлейт-шөлде, қараша үйде туыппын» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1505
Шөлейт-шөлде, қараша үйде туыппын,
Панасында кереге мен уықтың.
Тұңғыш рет пәк тәнімді жуыппын,
Сарша белде, соған мәңгі жуықпын.
Жөргегінде мейірмандық бесіктің,
Дер кезінде дүниеге кеп, өсіппін.
Туып шөлде, бірақ, көлде есіппін,
Кез боп селге – теңізіне несіптің.
Тосып соған өр кеудемді керейін,
Ой тұйығын терең бойлап көрейін.
Өнерімді сарқа сарқып берейін,
Сары белімді өлеңіме бөлейін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шөлейт-шөлде, қараша үйде туыппын өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Шөлейт-шөлде, қараша үйде туыппын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шөлейт-шөлде, қараша үйде туыппын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шөлейт-шөлде, қараша үйде туыппын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері