Мерген – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мерген» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1604
Шие бағы Мергенге
Қызыл шие бергенде:
– Кішкентай, – деп, – бұл шие, –
Бетін бұрды ол демде.
Алша бағы Мергенге
Қызыл алша бергенде:
– Кішкентай, – деп, – бұл алша,–
Бетін бұрды ол демде.
Өрік бағы Мергенге
Сары өрік бергенде:
– Кішкентай, – деп, – бұл өрік, –
Бетін бұрды ол демде.
Алма бағы Мергенге
Аппақ алма бергенде:
– Кішкентай, – деп, – бұл алма, –
Бетін бұрды ол демде.
Бақша жаққа келгенде,
Асқабақты көргенде:
– Ең керегі осы, – деп,
Тұра ұмтылды ол демде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мерген өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Мерген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мерген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мерген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері