Маскүнем мен Молда – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Маскүнем мен Молда» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1494
Маскүнем мен Молда
Жолығып қалды жолда.
Таңырқаған Молда
Былай деді сонда:
– Айналайын інім,
Не боп кеткен түрің?
Арақ ішкеннен саусың ба?
Өзіңе-өзің жаусың ба?
Маскүнем, бірақ, саспады,
Өзіне сұрақ тастады:
– Жүзім жесе, не болады?
– Ондай адам оңалады.
– Егер, жүзімнің ішсе шырынын?
– Ерсісі жоқ мұныңның.
– Егер сол шырынды сақтап ішсе,
Біраз күн баптап ішсе,
Молдеке, сол да арам ба?
Жауап таба алмай табанда,
Молдекем сасып қалды,
Желкесін қасып қалды.
Ойланып барып, бірақ,
Өзіне қойды сұрақ:
– Мәселен, су да адал,
Не болады шашсам саған?
– Су дегенің таза ғой,
Бетіме шашсам, маза ғой.
– Суға топырақ қоссам шылай?
– Болады онда лай.
– Сол лайды жақсам саған?
– Болады бетім жағал.
– Лайды біраз күн кептірсем?
– Кесек болады деп біл сен.
– Бетке ұрсам сені кесекпен?
– Құлап түседі деп есепте.
Қорытты Молда сұрауын:
– Жөн болды, балам, мынауың.
Жүзімнің суын сақтасаң,
Ашытқы қосып баптасаң,
Әуелі шалап болады,
Күшіне ене шарап болады.
Көп ішсе оны, мас қылады,
Аяқты теріс бастырады.
Демек, мастық харам болады,
Харамның ісі қараң болады,
Ақыры бір күн тәмам болады.
* * *
Маскүнем сөз мәнін түсінді,
Түсінді де қысылды,
Молдаға қолын ұсынды:
– Молдеке, сөзіңізге тойдым,
Енді ішкенді қойдым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Маскүнем мен Молда өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Маскүнем мен Молда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Маскүнем мен Молда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Маскүнем мен Молда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері