Сарғайып таң атқан шақта – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Сарғайып таң атқан шақта» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2411
(Сәбитке)
Сарғайып таң атқан шақта,
Әлем әлі қалғыған.
Ақын ойы шартарапта,
Өтеді өмір алдынан.
Ол өзі мен өзі ғана,
Тауып алған көп қызық.
Шашырап күн көзі жаңа,
Көрінеді от сызық.
Алматының тап қасында,
Тігілгендей ақ отау,
Ұқсап шығыс қақпасына,
Асқақтайды Алатау.
Тау етегін тасалаған,
Таңғы тұман тұйықтап.
Жатыр ұябасар ғана,
Ұясында ұйықтап.
Толқыр таңғы самалменен
Қазақстан қырлары.
Самалменен тарар елең,
Тыңдар малшы құмдағы.
Терер ақын ерте, кеште,
Түнгі ойының жемісін.
Осылай ол еңбек етсе,
Арманы не ел үшін.
1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сарғайып таң атқан шақта өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Сарғайып таң атқан шақта өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сарғайып таң атқан шақта өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сарғайып таң атқан шақта өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар