Адамға – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Адамға» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2864
Жыласа біреу қосыла мен де жылаймын,
Бөлмеймін оны қара деп, яки сары деп.
«Жылады неге?» - деп қана Іштей сұраймын,
Бөлмеймін оны жас па екен, яки кәрі деп.
Ұғамын іштей, түсінем тілін жылаудың,
Өйткені адам жылайды дайым бір тілде.
Жүрегі бір ғой жылайтын барлық адамның
Болар ма жасын көздердің күштеп іркуге!
Жылаған үнді домбыра тағы қайталар,
Егіліп сонда, сөгіліп жаның аяйсың.
Төгілген жасты бөтен деп кімдер айта алар,
Қараға, яки қызылға қалай бояйсың?
Қажеті қанша сұраудың бізге тілмаштан.
Неміс пе, әлде жылаған еңіреп негр ме?
Жылай бер, адам, өмір сүр бірақ сынбастан,
Ұқсай біл, адам, қорытқан өзің темірге!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адамға өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Адамға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адамға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адамға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері