Қайран жүрек қысып-қысып кетеді

Бұл бетте «Қайран жүрек қысып-қысып кетеді» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қайран жүрек қысып-қысып кетеді,
Бір соққаны мың соққыға жетеді.
Сол бір сәтте өткен күндер тізіліп,
Қайтқан құстар көз алдымнан өтеді.
Қиянатым жоқ қой ешбір адамға,
Қайта үңілем арттағы көп қадамға.
Бір ананың жалғызы боп жүргенде,
Сенуші едім жүрегім мен қаламға.
Әлі күнге сол екеуі ұғар деп,
Тіршілікке келем шексіз құмар боп.
Жүрегіме еш өкпем жоқ, түсінем
Қатер сезген қоңырауы шығар деп.
Сондай кезде бір суынсам, бір күйіп,
Жүрегімде бар демеңдер мың күйік.
Ештеңе жоқ, өзім табам дәруін,
Көз қызыққан сұлу көрсем бір сүйіп.

04.02.2002.
Емхана


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайран жүрек қысып-қысып кетеді өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Қайран жүрек қысып-қысып кетеді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайран жүрек қысып-қысып кетеді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайран жүрек қысып-қысып кетеді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері