Өлең, жыр, ақындар

Көбейді ауылдаспен кеңес бүгін

  • admin
  • 26.11.2024
  • 0
  • 1
  • 712
Көбейді ауылдаспен кеңес бүгін,
Байқадым сөзге сараң еместігін.
Әлі де даусы ашық, кейбір әнді
Тамаша орындайды деп естідім.
– Тыңдап ем талай-талай асыл әнін,
Көріп ем жүзінен нұр тасығанын.
Білмеймін неге екенін, – деді, – достым, –
Айтып жүр өңшең мұңлы ғашық әнін.
Тебірентсе, адам түгіл, аспанда Айды,
Кетеді ұмыттырып басқа жайды.
Білмеймін, – деді досым, – несі барын,
Аузынан «Жезкиікті» тастамайды...



Пікірлер (1)

Пирамида туралы әңгіме

Жақсы ????

Пікір қалдырыңыз

Сырымбеттегі тебіреніс

  • 0
  • 0

Сырымбеттегі тебіреніс
Жарқ етті, әне, Сырымбет,
Құлагер қуып жетердей,
Кәкімбек Салықов

Толық

Қарағанды жаңа театрын көргенде

  • 0
  • 0

Қарағанды жаңа театрын көргенде
Жырсыз өтпес көрген қазақ ақыны,
Тамаша екен Қарағанды жаңа театры.
Кәкімбек Салықов

Толық

Ақындық алтын тұғыры

  • 0
  • 0

Өлеңмен ғана жүрер ем
Кей ақынша күнелтіп,
Қатыгез соғыс дүрбелең
Қаусатты елді жүдетіп.

Толық