Қайшылық

Бұл бетте «Қайшылық» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 568
I. Көңiлсiз кезде
Көңiлсiзсiң.
мылқау қара тастайсың.
Түнерсiң,
қабағыңды ашпайсың.
Сәл шуласа балаларға жекiрiп
бiр бөлмеге қуып тығып тастайсың.
Сәл қозғалсаң –
кетердейсiң сөгiлiп,
сәл қозғалсаң –
кетердейсiң егiлiп,
қалғандайсың найзағайсыз, сәулесiз,
қалғандайсың қара түнге көмiлiп.
Күлкi кiрiп келсе де үйге шырайлы,
танытасың жақтырмайтын сыңайды.
...Мұндай күнi
кемiрiп бiр жүйкеңдi
телефон да шыр-шыр етiп жылайды!

II. Көңiлдi кезде
Көңiлдiмiн.
Тұрмын қазiр тасынып,
жатыр менен нұр мен сәуле шашылып.
Үйдiң iшi астан-кестен етiп бiр
ойнап жүрмiн балалармен қосылып.
Басқа қазiр аспаным да,
көшем де.
Жүректе – нұр
бұлттарды төсенгем.
Қалалар мен далалардың үстiнде
асыр салып жүгiредi нөсерлер.
Беттi шарпып лаулап жанса жалыным,
гүл атып тұр қызыл құмды шағылым.
Кеудем iшi аппақ қазiр
бейне бiр
ұрттағандай айдың аппақ жарығын.
Осы сәтте жанып түсер қайрақпын,
шетi болмас,
шегi болмас қайраттың...
...Бiр бұрышта қайта-қайта ән төгiп
телефон да құйқылжытып сайрап тұр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайшылық өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қайшылық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайшылық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайшылық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері