Мереке күнгі кеште – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Мереке күнгі кеште» атты Темірхан Медетбек жазған мерекеге арналған өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 807
Шығайық, жаным, үйде ендi босқа қамалмай,
қайтайық шалқып жуынып жұмсақ самалға,
толқын да толқын адамдар қаптап ағылған
барайық үлкен алаңға.
Бәрiн де таста!
Жүрсеңшi ендi барайық.
Күтiп те қалған шығар-ау бiздi халайық.
Сонау бiр күнi ренжiп кеткен доспенен
достасып қайта алайық.
Жанайық шалқып,
алмайық жанды жүдетiп,
тұстар бар әлi
бiздерден сәуле күтетiн.
Сыйлайын саған
iлiнiп жатқан аспанға
салюттiң барлық букетiн.
Жүршi сен, жаным,
тезiрек ендi жетейiк.
Жұртпенен бiрге толқын боп бiз де өтейiк.
Сонан соң аппақ прожекторлардың жолымен
аспанға шығып кетейiк!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мереке күнгі кеште өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Мереке күнгі кеште өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мереке күнгі кеште өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мерекеге арналған өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мереке күнгі кеште өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері