Күмән мен күдік

Бұл бетте «Күмән мен күдік» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1029
Бұрын мен
Күмәнға жат едім.
Бұрын мен
Күдікке қас едім.
Достыққа
Қамалдай берік
Тас едім.
Бүгінде мен,
Е, Алла тағала,
Өзің кешіре гөр, –
Қым-қиғаш
Жолдарым-ай! –
Күмән мен күдікпен
Дос болғаным-ай!
Қайтейін,
Шын досым
Дүниеге алданып
Сатып кетті ғой, –
Сенімім шүңетке
Батып кетті ғой.
Дәл қазір
Күмәнім сылаңдап—
Тәтті сорғандай! –
Құлағымның түбінде
Күбір- күбір етеді;
Күдігім бұлаңдап—
Бал жалағандай! –
Сыбыр- сыбыр етеді.
Бүгінде маған
Күмәнім — тоқал,
Күдігім — ойнас...
... Ақыры екеуі
Менің түбіме
Жетпестен қоймас!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күмән мен күдік өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Күмән мен күдік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күмән мен күдік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күмән мен күдік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері