Асыға берем – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Асыға берем» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1302
Өмірде менің көздеген
Шоқысы биік шыңым бар.
Жасырып жүрген өзгеден
Аяулы арман, сырым бар.
Жүрсем де қай кез, қай жерде,
Түседі сол шың көзіме.
Төккендей нұрын ай жерге,
Тартады дәйім өзіне.
Тұлғасын түзеп, сыланып,
Сәулеті болған маңайдың.
Сол шыңнан сөнбес нұр алып,
Қайта да қайта қараймын.
Қараған сайын қадалып,
Жүректе лаулап жанады от.
Керемет бір күш бары анық,
Қарамасқа ешбір шама жоқ.
Маягім менің сол шыңым,
Алыстан оты ымдаған.
Талабы таудай жолшымын,
Талпына түсіп тынбаған.
Қияға сол бір көздеген
Асыға берем, асыға.
Сырымды бүгін өзгеден,
Жасыра берем, жасыра.
Желден де оны қызғанам,
Алмасын деймін мазасын.
Ұйкысын тәтті бұзбаған
Тілеймін түннің тазасын.
Бұлттан да оны қызғанам,
Түспесін деймін көлеңке
Көрініп тұрса құз маған,
Жаным бір жайлау, кең өлке.
Жақындап келем, жақындап,
Меншіктеп өзің күн бұрын.
Тұратын түсін алтындап,
Тілеймін жалғыз күн нұрын.
Қияға сол бір көздеген
Асыға берем, асыға.
Қаруым – өткір сөз-берен,
Шығамын шыңның басына.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Асыға берем өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Асыға берем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Асыға берем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Асыға берем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар