Қойдым – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қойдым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2011
– Арақты қойдым, бауырым.
– Мәнісін айтшы, ау, інім?
– Өйткені, арақ өлген ғой,
Өлетін кезге келген ғой.
– Табылмаса да тамағың,
Толып тұр емес пе арағың?
– Толғаны толып тұр-ау,
Бәрі самопал болып тұр-ау.
Арақ деген аты ғана,
Жасалатын затын қара:
Шарап дегенің шалап қана,
Қосылмайды санатқа да.
Коньяк дегенің жай ғана
Спирт қосылған шәй ғана.
Арақ дегенің су болып шығады,
Не у болып шығады.
Оны ішкен адам жатып қалады,
Не арам қатып қалады.
Оны ішіп өле қалғанша,
Қатыным көме салғанша,
Біраз жүре тұрайын,
Өмір сүре тұрайын.
Мүмкін, заман оңалар,
Самопалдар жоғалар.
Коньяк пенен бальзамдар,
Арақтар да арзандар.
Ішсем, сонда ішіп көрермін,
Өлсем, таза арақтан өлермін.
Қазірше қойдым,
Самопалға тойдым.
Осы ішкенім де жетеді,
Ішпесем, тіпті, не етеді?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қойдым өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қойдым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қойдым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қойдым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері