Мақтау мен даттау

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1704
1
Кейбір жеңгей желігіп,
Елден ерек ерігіп,
Жайға карап жатпайды,
Күйеулерін даттайды:
«Менің байым бай емес,
Бұл жүрісі жай емес.
Күні-түні ішеді,
Беті, қолы іседі.
Әкелмейді көк тиын,
Үйде бүтін жоқ бұйым.
Келтіріңіз жөнге», – деп,
Моншақ жасы дөңгелеп,
Арыз айтып зарлайды,
Кеңселерді шарлайды.

2
Кейбір жеңгей мінезі?..
Дүниеқор тым өзі.
Күйеуі боп тісқаққан,
Пайда тауып пұшпақтан,
Бұрқыратып ақшаны,
Тағы-тағы басқаны
Әкеп жатса үйіне,
Бұл ісіне сүйіне:
«Менің байым намысты ер,
Елден ерек табыскер», –
Деп күйеуін мақтанды,
Айыбын да ақтайды.
«Қазынаны ұрлап жүр», –
Деп ешқайсысы айтпайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мақтау мен даттау өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Мақтау мен даттау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Мақтау мен даттау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мақтау мен даттау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері