Жеңешем – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жеңешем» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.08.2019
  • 0
  • 0
  • 7093
Аспанда айға теңесем,
Асыра айтты деме сен.
Өзіңнен артық жан бар ма,
Жеңешем, менің жеңешем?
Ағаның көңлін табасың,
Ананың көңлін табасың.
Бәріне бірдей иіліп,
Бәріне бірдей жағасың.
Риза қайын сіңлің де,
Риза қайын інің де.
Жібектей жұмсақ мінезің,
Жүрекке жылы үнің де.
Ұсынып қымыз, айран ба,
Барыңды бүкпей жайғанда,
Көңілің үшін көл-көсір
Риза саған мейман да.
Риза құрбы-құрдас та,
Риза сыйлы сырлас та.
Өзіңдей асыл жеңгенің
Өмірде орны бір басқа.
Жеңешем, менің жеңешем,
Жаралған жансың ең әсем.
Аспанда айға теңесем,
Асыра айтты деме сен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жеңешем өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жеңешем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жеңешем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жеңешем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері