Шортан – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Шортан» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1144
Сотқа берді Шортанды,
Күн көрсетпей, бүлдірді деп көлшікті.
Айыпты да мол таңды
Және-дағы жазалыға меншікті
Сулы ыдыспен алып келді сотқа оны.
Жақын маңда жайылып
Жүрген еді сот тобы,
Көрдік оны көне архивтен айырып:
Екі Есек тәуір-ақ,
Үш-төрт Ешкі және екі жауыр Ат.
Мұндай істің болмау үшін бүртігі,
Прокурор ғып белгілеген Түлкіні.
Естіп қалдық халықтан:
Шортан сонда Түлкіге ас тартқан кіл балықтан.
Сот бұрмасыз болғандықтан таза бір,
Дәлелденген айыппенен әр түрлі,
Ақталмастан Шортан сотқа тартылды,
Дұрысы сол: тиісті үкім айтылды,
Айыптыға бермек боп шын жазаны,
Талға асылсын деді үрей боп халыққа.
«Уа, достар, – деді Түлкі жаны ашып, –
Талға асу аз, құрту үшін қарасын,
Ауыр жаза айтайын тең тамұққа:
Шортан алда қауіпті болмау үшін тым аса,
Батырайық арыққа!» «Тамаша!» –
Бір ауыздан соттар солай жараса,
Лақтырды оны арыққа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шортан өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Шортан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шортан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шортан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері