Қашан көрсем, тұрасың сен күлімдеп – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қашан көрсем, тұрасың сен күлімдеп» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2504
Қашан көрсем, тұрасың сен күлімдеп,
Күн шығыстан күліп шыққан күнім боп.
Өзіңді де, өзгені де мәз қылып,
Жайраңдайсың жан секілд мұңың жоқ.
Бірақ, бірақ, мұңсыз адам болмайды,
Бір басыңа тілемеймін ондайды.
Аз қайғыны бастан сырып тастасаң,
Әрқашанда Жаратушың қолдайды.
Айналайын ай дидарлы арайлым,
Сенің үшін тек қуаныш қалаймын.
Нұр бейнеңді көру үшін әрдайым,
Әлсін-әлсін өзің жаққа қараймын.
Жаратушы жақсылықтан жазбасын,
Еш жамандық көрмес болсын өз басың.
Бақытты етіп басқаларды күлкіңмен,
Жалын оты жүрегіңде маздасын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қашан көрсем, тұрасың сен күлімдеп өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қашан көрсем, тұрасың сен күлімдеп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қашан көрсем, тұрасың сен күлімдеп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қашан көрсем, тұрасың сен күлімдеп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері