Бұл бетте «Қаңғыбас иттер» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Қаңғыбас иттер қаптап жүр,
Қала көшелерін таптап жүр.
Ешбірінің иесі жоқ,
Жүрістерінің жүйесі жоқ.
Жас бала ма, кәрі кісі ме,
Бәрібір оларға бәрісі де.
Нан бергенін тауып алады,
Нан бермегенін қауып алады.
Сау ма, әлде құтырған ба?
Мәлім емес бүкіл маңға.
Қабылған адам тұлданып кетеді,
Кейбіреуі жынданып кетеді.
Кейбіреуі төзіп бағады,
Кейбіреуі өліп қалады.
Ал, қапқан ит болса өлмейді,
Ешбір жаза көрмейді.
Қала кезіп жүре береді,
Өздерінше үре береді.
Қалаған үйлеріне кіре береді,
Керегелерін түре береді,
Аузына тигенін іле береді.
Олардың қайдан келгенін
Кім біле береді?
Қаңғыбас иттер
Еркін өмір сүре береді.
Қаланың әкімі болса,
Көрмеген болып жүре береді.
Қаңғыбас ит өзін қаппаған соң,
Ойнап-күле береді.
Сондықтан, қаңғыбас иттер
Қалаға еркін кіре береді,
Қалауынша жүре береді.
* * *
Қаңғыбас иттер қаптай берсе,
Қаламызды таптай берсе,
Ертеңгі күн не боларын,
Айтыңдаршы,
Кім біле береді.
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі