Бақыт қайда қонады? – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бақыт қайда қонады?» атты Абдрахман Асылбек жазған бақыт туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 22.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2175
Басымда тамаша ой бар еді,
Тамаша той бар еді:
Хор қызындай керемет
Бір қызға үйленсем, не керек?
Қалауын тауып берер ем,
Үлде мен бұлдеге бөлер ем.
Иә, көркем қызды көрдім,
Айдай әппақ жүзді көрдім.
Ақыры таныстым аңдай жүріп,
Қыр соңынан қалмай жүріп.
Ол бір бастықтың қызы екен,
Нағыз еркенің өзі екен.
Маған мынындай шартын айтты,
Айтқанда да шалқып айтты:
– Сен маған адамша үйленуің керек,
Ол үшін күйленуің керек.
Бос мылжыңды сүймеймін,
Көше кезбеге тимеймін...
Содан басымдағы ми қи болды,
Бар ойлағаным күй болды.
Яғни, қалта қалың болу керек,
Қалың болу үшін алым болу керек.
Алым дегеніміз пара ғой,
Параның жолы қара ғой.
Қара да болса, барасың,
Сан қулыққа саласың:
Біреуді алдайсың,
Біреуді арбайсың.
Текке қарап қалмайсың,
Жаныңды жалдайсың.
Біреуді «жәке» деп жүріп,
Біреуді «әке» деп жүріп,
Бұрқыратып бөсе бердім,
Қызметте өсе бердім.
Әкемді де ұмыттым,
Шешемді де ұмыттым.
Аждаһдай жұтынып,
Ақшаға әбден құнықтым.
Параны ала бердім,
Қалтама сала бердім.
Қалтам қампиып толыға түсті,
Көре алмаушылар соңыма түсті.
Мен олардан сескенбедім,
Етреңгі күнді ескермедім,
Араным ашылым, зорыға түстім.
Ақыры аңдушылардың торына түстім –
Кісендері қолыма түсті.
Сонда ғана қорқау қасқырдың
Хикаясы ойыма түсті:
Қақпанға түскен қасқырды,
Тойымсыз «тақсырды»
Депті Түлкі табалап:
– Жеткен екен жағалап.
«Бір бақыт басқа қонады,
Бір бақыт аяққа қонады» –
Дейді екен білгендер,
Аңдап басып жүргендер.
«Бақыт» басыңа емес,
Аяғыңа қоныпты,
Өте дұрыс болыпты.
«Мың асқанға – бір тосқан»,
Әділ жазадан кім қашқан?
Жеткен екен уақытың,
Құтты болсын «бақытың».
* * *
Десе Түлкі дей берсін,
Жалмауыздар жей берсін
Бірақ, достар, саспаңдар,
Мені сызып тастаңдар.
Ал, өздерің ешқашан
Арандарыңды ашпаңдар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бақыт қайда қонады? өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бақыт қайда қонады? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бақыт қайда қонады? өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бақыт туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бақыт қайда қонады? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері