Сағынтайдың Әбдірі – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сағынтайдың Әбдірі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1196
Әнін жазған Нұрлан Еспанов

Жағасында Таластың туып өскен,
Толқынында ақ тәнін жуып өскен.
Үшаралдың өркенді бір баласы,
Арман қуып, халқына жуық өскен.
Сағынтайдың Әбдірі сол еді ғой,
Таланты мен талабы зор еді ғой.
Өсе келе отыз жыл ел басқарып,
Туған жерін байлыққа бөледі ғой.

Қайырмасы:
Сағынтайдың Әбдірін
Туған елі мақтайды.
Арнап оған ән-жырын,
Мәңгі есінде сақтайды.

Туған елдің байлығы шалқысын деп,
Көк байрағы көгінде қалқысын деп,
Үшаралдың атағын асқақтатты,
Бар еңбегім халқымның даңқы үшін деп.
Қыстаубай мен Бақытжан, Ғалымжаны –
Елі сүйген өрендер, дарын бәрі.
Әке жолын жалғады жеңістермен,
Нұрын шашып халқына жалындары.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағынтайдың Әбдірі өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сағынтайдың Әбдірі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағынтайдың Әбдірі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағынтайдың Әбдірі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері