Ұшқыш

Бұл бетте «Ұшқыш» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 7261
Кең аспанды шарлаған,
Ұшқыш деген мен болам.
Зымырандай самғаған
Ерен жүйрік ер болам.
Құздан өтіп,
Құлдырап,
Бұлттан да әрі асқанда,
Көз ұшында бұлдырап,
Шығам шырқау аспанға.
Күн күледі төбемде,
Тазарып шаң, түтіннен.
Бұлт дегенің төменде –
Ақ мақтадай түтілген.
Сапар шегіп тұс-тұсқа,
Жылдам жетіп бара алам.
Мен секілді ұшқышқа
Алғыс айтар бар адам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұшқыш өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ұшқыш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұшқыш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұшқыш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері