Айналайын алтыным

Бұл бетте «Айналайын алтыным» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3082
Әнін жазған Медеу Арынбаев

Айналайын алтыным,
Есімде балғын бал күнің.
Асыл жарым – жарқыным,
Қимас қызық сол күндерде шалқыдым.
Айналайын алтыным,
Адалдығыңа тәнтімін.
Бірақ, кейде, қалқам-ай,
Ренжіткен кездер болды байқамай.

Қайырмасы:
Асыл арман-ай,
Атсын әппақ таңдар-ай.
Өмір, бірақ, өтпелі,
Созсам, қолым жетпеді,
Жарқын бейнең көз алдымнан кетпеді.

Айналайын алтыным,
Өзіңмен болған әр күнім
Сағынышқа айналды,
Елестетіп жанарыңның жарқылын.
Айналайын, ағайын,
Анаңдай асыл жұбайың.
Аңсап әнге салайын,
Қолдай гөрсін құдіретті Құдайым.

Қайырмасы:
Асыл арман-ай,
Атсын әппақ таңдар-ай.
Айналайын ардағым,
Қасыңдамын әрдайым,
Бұл әнімді бір өзіңе арнадым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айналайын алтыным өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Айналайын алтыным өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айналайын алтыным өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айналайын алтыным өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері