Ішкі шер! – Мерей Қартов

Бұл бетте «Ішкі шер!» атты Мерей Қартов жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 751
Ұсақ тірлік
байлайды амал қанша,
Шаруа бітпес
жалғаннан жоғалғанша.
Жүр досым,
тауға шығып серуендейік.
Қалада қапас
ойға қамалғанша.

Қайырымсыз
бұл қала жарқыраған,
Даламыздан
садаға парқы маған.
Жүр досым,
серігім бол, ерші маған.
Қасқа айғырды
міңгізем арқыраған.

Жүрек кірін
жаңбырмен жусаң тұнық.
Иіскейміз
қырлардан жусан жұлып.
Қымыз пісіп,
сүрі ет қайнағанша,
Қос айғырды
келеміз бусандырып.

Тасташы
бір мезетке тас қалаңды.
Не бар дейсің
ауылдан басқа мәнді?!
Құмайды да
қасыңа қосып берем,
Қара жерде
құтылтпас қашқан аңды.

Оғлансың ғой
жасыңнан орта көрген.
Кісі емессің
соңынан қорқау ерген.
Желмен тарап
айғырдың тоқпақ жалын,
Шың басына
шығамыз арқар өрген.

Таудың ұлын
тас қала қамасын ба?!
Жүр досым,
ауыл жаққа барасың ба?
Ұлып-ұлып
қайтайық айға қарап.
Бөрі жортқан
таулардың арасына!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ішкі шер! өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Ішкі шер! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ішкі шер! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ішкі шер! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері