Ар қар! – Мерей Қартов

Бұл бетте «Ар қар!» атты Мерей Қартов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 565
Таудан аққан бұлақтар,
Теңіздерге су аралас мұң құйып,
Бұлттан сұрап, нөсерін,
Телміреді көк аспанға тұңғиық.
Әкесі – құз ақсақал,
Ең жұпарлы ауа жұтқан арқардың,
Тастан төлін өргізген,
Шешелері шыт байлаған шың биік!

Киелім-ай құздағы,
Бұғанасы бірге қатқан шерімен,
Қайда кеттің, тектім ау?!
Былтыр ғана Өкпетіден көріп ем,
Ей, адамзат жерінем,
Құлжаларым неге безді жерінен,
Арқарлардың көз жасы,
Қардың суы- етектегі еріген!

Маңдайларын Тәңірге,
Тұяқтарын қара тасқа сүйдірген,
Ақ сүйекті жануар;
Ауқаттары адам баспас шүйгіннен
Ойнақтаңдар, кетпеңдер,
«Ары Қардай» тазаларым сендерге,
Ақындардың атынан,
Алатау мен Алтайымды қидым мен!

Құлжаларды еңселі,
Уақыт желі, мерген көзі кемітіп,
Серкештерде сергелден,
Сезетіндей тұрғандығын не күтіп?
Аумаңдаршы арқарлар,
Туған өлке біздің байтақ даладан,
Жылатпаңдар тауларды,
Қара тастың қабырғасын сөгітіп.

Енесінің желінімен,
Қозылардың қос бауырын сыздатып,
Ей, пенделер көзі шер,
Қанішерден таба алмаймыз біз бақыт,
Аяңдаршы өтінем,
Бізге түкте батпаса да қайғысы,
Кәрі таулар жоқтайды,
Күңіреніп, кірпігіне мұз қатып.

Адам ғана кінәлі,
Құстар кетіп, аңдар ауған әр көшке,
Соның бәрін қайтарып,
Бірақ тілек, белуардан ар кешсе,
Абайлаңдар аңкөстер,
Ашкөзіңді қадай бермей Тектіге,
Арқарлардың зауалы,
Тау басынан тас домалап, қар көшсе!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ар қар! өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Ар қар! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ар қар! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ар қар! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері