Бұл бетте «Қараша» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қоштасу айы – қараша.
Үйренді дәтім Жалғанға.
Мұңның өзі де – тамаша,
Өмірді ұға алғанға?
Адасқақтармыз – біз әлі,
Тағдырдың тармақ жолынан...
Алысқа құстар ұзады.
Еріп кетсем ғой соңынан!
Ыңылдап жүрсе үнемі,
Адамдар,
Мұңға бөленіп!
Кері ақпас уақыт, білемін.
Қоңырлау, сірә, өлеңім?
Шілік те, тал да қалтырап,
Шеңгел де тоңды-ау Түздегі.
Қайыңдарды да, балтыры ақ,
Өкпелеткендей Күз желі...
Қоштасу айы – қараша.
Мен бармын – үміт үзбейтін.
Қызғана сүйем оңаша,
Өмірдің осы қыз кейпін.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі